Шымкентте ТЖМ құтқарушылары жиһаз цехындағы өртті сөндірді

Шымкентте ТЖМ құтқарушылары жиһаз цехындағы өртті сөндірді

Шымкент қаласындағы Сасбұқаев көшесінде орналасқан бір қабатты жиһаз цехі мен оған жапсарлас дүкенде шыққан өрт толықтай сөндірілді.

Оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ғимаратты ашық жалын шарпығаны анықталды. Өртті сөндіру штабы құрылып, су үздіксіз беріліп отырды. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖМ күштері жоғары шақырту дәрежесі бойынша жұмылдырылды.

Өртті сөндіру барысында жиһаз цехы ғимаратының шатыры опырылып түсті. Құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде өрт оқшауланып, кейін толықтай сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 58 қызметкері мен 22 техникасы жұмылдырылды.