Шымкентте ТЖМ қызметкерлері су айдындарында түнгі рейд өткізді

Шымкентте ТЖМ қызметкерлері су айдындарында түнгі рейд өткізді

Түнгі уақытта құтқарушылар полиция қызметкерлерімен бірлесіп, қаладағы су айдындарында профилактикалық рейд жүргізді.

Рейд барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталуы бақылауға алынып, демалушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ азаматтарға рұқсат етілмеген және қауіпті орындарда шомылуға болмайтыны ескертілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты - қайғылы жағдайлардың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау.

Су айдындарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, рұқсат етілмеген жерлерде шомылмаңыз.