Шымкент қаласы ТЖД-де волейболдан үздік команда анықталды

Шымкент қаласы ТЖД-де волейболдан үздік команда анықталды

Шымкент қаласы ТЖД-де 11 команданың қатысуымен волейболдан турнир өтті. Жарыс барысында қызметкерлер жоғары дене дайындығымен қатар, ұйымшылдықтары мен нағыз командалық рухтарын көрсетті.

Мұндай жарыстар бүгінде жақсы дәстүрге айналып отыр. Олар қызметкерлердің дене дайындығын шыңдап қана қоймай, әріптестер арасындағы ауызбіршілік пен командалық рухты нығайтуға ықпал етеді.

Тартысты өткен кездесулердің қорытындысы бойынша жеңіс тұғырының ең биік сатысына №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы көтерілді. Екінші орынды №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы иеленсе, үздік үштікті №2 өрт сөндіру бөлімінің спортшылары түйіндеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша Ғабит Пияшов пен Сағди Кенжеханова турнир бойы жарқын ойын өрнегін көрсетіп, арнайы марапатқа ие болды.