«Наурыз» қалалық саябағында «Қауіпсіз балалық шақ аумағы: ашық терезелерден сақтаныңыз, суда абай болыңыз, отпен ойнамаңыз» тақырыбындағы профилактикалық акция өткізілді.
Іс-шара барысында ТЖД қызметкерлері еріктілер мен қала БАҚ өкілдерінің қатысуымен түрлі өмірлік жағдайларда туындауы мүмкін оқиғаларды практикалық көрсету арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Олар ашық терезелердің жанында, жазғы кезеңде суда шомылу және отпен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске салды. Сонымен қатар құтқару және өртке қарсы-техникалық жабдықтар көрсетілді.
Акция викторинамен қорытындыланып, ең белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.