«Рахат-Бадам» демалыс аймағында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Іс-шара «Балалардың судағы қауіпсіздігі» акциясы аясында ұйымдастырылып, халықтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері авариялық-құтқару жұмыстарына арналған арнайы техника мен құрал-жабдықтарды таныстырып, судағы адамды құтқару және алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін тәжірибе жүзінде көрсетті.
Сонымен қатар, демалушыларға жазғы кезеңде су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Баспасөз туры құтқарушылар мен БАҚ өкілдері арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып, тұрғындарды қауіпсіздік мәселелері бойынша ақпараттандыруға және қауіпсіздік мәдениетін арттыруға ықпал етті.