Кәсіби біліктілік пен шеберлік байқауы

Кәсіби біліктілік пен шеберлік байқауы

Шымкент қаласы ТЖД «Үздік орта медицина қызметкері – 2026» байқауы өтті.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде Апаттар медицина орталығы мемлекеттік мекемесінің Шымкент қаласы бойынша филиалының ұйымдастыруымен «Үздік орта медицина қызметкері – 2026» кәсіби байқауы ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – орта медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру, төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсету сапасын жетілдіру, тәжірибе алмасу және үздік мамандарды анықтау.
Байқауға Апаттар медицинасы орталығы мемлекеттік мекемесінің Шымкент қаласы бойынша филиалының, Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Емдеу орталығының және Жедел құтқару жасағының орта медицина қызметкерлері қатысып, өздерінің теориялық білімі мен практикалық дағдыларын көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.
Мұндай іс-шаралар медицина қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін шыңдап, төтенше жағдайлар кезінде халыққа сапалы медициналық көмек көрсетуге ықпал етеді.