
Шымкент қаласында жеке тұрғын үй аумағында 2012 жылы туған жас өспірім абайсызда тереңдігі шамамен 12 метр болатын суы жоқ құдыққа құлап кеткен.
Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері арнайы жабдықтың көмегімен құтқару операциясын жүргізіп, зардап шеккен баланы құдықтан шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
❗ Құрметті азаматтар! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар және олардың қауіпсіздігін қадағалаңыздар. Ашық құдықтарға, люктерге және басқа да қауіпті нысандарға ерекше назар аударыңыздар. Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне дереу хабарласыңыз.