Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстегі өзгерістер қайта пысықталды

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстегі өзгерістер қайта пысықталды

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде 2026 жылы 5- маусымда Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекттік тілді дамыту бөлімімен қызметкерлерді кәсіби даярлық оқыту негізінде  қолданыстағы заңнама талаптарын дұрыс қолдануды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша сабақ өткізілді.

Сабақ  барысында кодекске енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты талқыланып, оларды қызметтік қызмет барысында қолдану тәртібі қайта пысықталды.

Сондай-ақ азаматтардың өтініштерін қабылдау, кері қайтару, қарау, мерзімдерді есептеу тәртібі,әкімшілік актілерді  қабылдау кезіндегі  актінің мазмұнына қойылатын талаптар бойынша түсіндірмелер берілді.