Рахат-Бадам демалыс аймағында судағы қауіпсіздік бойынша кең ауқымды үгіт-насихат жүргізілді

Рахат-Бадам демалыс аймағында судағы қауіпсіздік  бойынша кең ауқымды үгіт-насихат жүргізілді

 

Жазғы шомылу маусымында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Рахат-Бадам демалыс аймағында демалушылар арасында профилактикалық іс-шарасы өтті.

Жазғы шомылу маусымында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Рахат-Бадам демалыс аймағында демалушылар арасында профилактикалық және түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға төтенше жағдайлар қызметінің мамандарымен қатар жергілікті полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган өкілдері және еріктілер қатысып, тұрғындар мен демалушыларға судағы қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде жан-жақты ақпарат берді.

Іс-шара барысында азаматтарға балаларды қараусыз қалдырмау, тыйым салынған орындарда шомылмау, алкогольдік ішімдік ішкен күйде суға түспеу, құтқару құралдарын пайдалану және төтенше жағдай орын алған кезде жедел әрекет ету тәртібі түсіндірілді.Сонымен қатар қатысушыларға арнайы ақпараттық жадынамалар мен үнпарақтар таратылды.

Жергілікті полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздік талаптарын орындау қажеттілігіне назар аударса, жергілікті атқарушы орган өкілдері тұрғындарды су айдындарында демалу мәдениетін қалыптастыруға шақырды. Өз кезегінде еріктілер демалушылармен жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік жөніндегі ақпараттарды кеңінен насихаттады.

Сонымен қатар жастар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және судағы қауіпсіздік талаптарын кеңінен насихаттау мақсатында арнайы флешмоб ұйымдастырылды.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, судағы қайғылы оқиғалардың алдын алуға және тұрғындардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз етуге бағытталған. Мамандар су айдындарында демалу кезінде әрбір азаматты қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауға шақырды.