4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтеріліп, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің №35748 әскери бөлімі оркестрінің сүйемелдеуімен департамент қызметкерлері Әнұранды бір мезетте орындады.
Сондай-ақ, қызмет қатарына жаңадан қабылданған жас қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шара жеке құрамның патриоттық рухын нығайтып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруға бағытталды.