
Бүгін Шымкент қаласындағы Шымкент Сити шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы пәтерде үй заттары жанды.
Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер кіреберістің қою түтінге толғанын анықтады. Қызметкерлердің жедел әрі кәсіби әрекетінің нәтижесінде қауіпті аймақтан 17 адам, оның ішінде 13 бала қауіпсіз жерге шығарылып, құтқарылды.
Өрт қысқа уақыт ішінде оқшауланып, толық сөндірілді.
✅ Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.