Тарихтан тағылым – өткенге тағзым

Тарихтан тағылым – өткенге тағзым

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейіне» және «Қасірет» мемориалына барып, жазықсыз жапа шеккен боздақтарды еске алып, тағзым етті.

Аталған іс-шара – ел тәуелсіздігі мен азаттығы жолында күресіп, қуғын-сүргінге ұшыраған арыстардың рухына құрмет көрсету, олардың ерлігін ұлықтау және жас ұрпаққа тарихи тағылымды кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Өткенді ұмытпау – болашаққа тағзым. Біздің тарихымыз – біздің болашағымыз!