Шымкентте құтқарушылар марапатталды

Шымкентте құтқарушылар марапатталды

Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясы күрделі жағдайда көрсеткен ерлігі мен адам өмірін құтқарғаны үшін құтқарушыларды «Адамды құтқарғаны үшін» медалімен марапаттады.

Еске салайық, осы жылдың сәуір айында Шымкент қаласының «112» пультіне Қаратау ауданындағы Құдайбергенов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үй аумағындағы құдыққа 2024 жылы туған қыз баланың құлап кеткені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ құтқарушылары келіп, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. Анықталғандай, құдықтың тереңдігі шамамен 24 метр болған. Альпинистік құрал-жабдықтарды пайдаланған құтқарушылар құдыққа түсіп, баланы аман-есен жер бетіне алып шықты.

Төтенше жағдайда жоғары кәсібилік пен батылдық танытқан құтқарушылардың әрекеті жоғары бағаланып, олар арнайы марапатқа ие болды.