Шымкент қаласында көктемгі әскерге шақыру науқаны жүргізілуде

Шымкент қаласында көктемгі әскерге шақыру науқаны жүргізілуде

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің 20982 әскери бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, 2026 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанын жүргізуде.

Әскерге шақыру іс-шаралары 18–20 мамыр аралығында өтуде. Науқан аясында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жүзеге асырылуда.

Науқанның негізгі мақсаты — жастарды әскери борышын өтеуге тарту және жастар арасында әскери-патриоттық тәрбиені нығайту.

Әскери қызмет — әр азаматтың абыройлы борышы. Отанды қорғау — ел алдындағы қасиетті парыз әрі үлкен жауапкершілік.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жастарды әскери борышын абыроймен атқарып, Отанға адал қызмет етуге шақырады.