Анықтаушыларға арналған әдістемелік сабақ

Анықтаушыларға арналған әдістемелік сабақ

Шымкент қаласы ТЖД Анықтау бөлімі мен Жоспарлау және жедел басқару орталығының (ЖжЖБО) қызметкерлері, аудандық ТЖБ басшылығы мен аға анықтаушылары, сондай-ақ өрт сөндіру бөлімшелерінің диспетчерлері мен радиотелефонистері үшін арнайы оқу сабағы ұйымдастырылды.
Басты мақсат – сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі (СДТБТ) ақпараттық жүйесімен және «Электрондық қылмыстық іс» модулімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру. Бұл модуль электрондық қылмыстық істерді дайындау, жүргізу, жолдау және сақтау процесін барынша жеңілдетеді.

Шараға ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (ҚСжАЕАЖК) Шымкент қаласы бойынша департаментінің прокуроры Б. Нұрманов қатысты.
Ол қатысушыларға Бас прокурордың №89 бұйрығының талаптарын, атап айтқанда, қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыз-хабарларды тіркеу және СДТБТ-ны жүргізу қағидаларын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
Сабақ барысында жүйеге енгізілген соңғы өзгерістер талқыланып, мамандар маңызды сұрақтарына нақты жауаптар алды.