Бүгін – Халықаралық отбасы күні!

Бүгін – Халықаралық отбасы күні!

Отбасы – әр адамның өміріндегі ең қымбат құндылық, сенім мен мейірімнің, қолдау мен жылулықтың мекені. Қандай мамандық иесі болсақ та, үйде бізді күтіп отырған жанұямыз – басты күшіміз бен мотивациямыз.🤗

Өрт сөндіруші мен құтқарушылар үшін де отбасының орны ерекше. Себебі әрбір қызметкер қауіпті қызметке аттанғанда, оны аман күтіп отырған отбасының махаббаты мен дұғасы үлкен демеу болады. ❤️

Осы мерекеде барша отбасыларға амандық, татулық, береке мен бақыт тілейміз! Шаңырақтарыңыз шаттыққа толып, әр үйде күлкі мен қуаныш көп болсын!