ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Шымкент қаласында Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Салтанатты іс-шараға Шымкент қаласы ТЖД бастығы, генерал-майор Қуанар Базарбаев, сондай-ақ ішкі істер органдарының, қорғаныс және құқық қорғау саласының басшылары мен қызметкерлері қатысты. Бұл тағылымды шара – ел үшін жанын қиған батырлар рухына тағзым етіп, олардың ерлігіне шексіз құрмет көрсетудің айқын белгісі.

Рәсім барысында қызметтік міндетін мінсіз атқарып, кәсіби біліктілігімен ерекшеленген бірқатар қызметкерлер салтанатты түрде алғыс хаттармен марапатталды.