
Жанмулдаев Адильхан Жамаладинович — Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің заң бөлімінің басшысы. Азаматтық қорғау саласында ұзақ жылдар бойы құқықтық қамтамасыз ету бағытында нәтижелі қызмет атқарып келеді.
Заңдылықты қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылау, құқықтық сараптама жүргізу және департамент мүддесін сотта қорғау — негізгі қызмет бағыттары.
Сот тәжірибесінде тиімді нәтижелер көрсетіп, департамент мүддесін қорғауда құқықтық шешімдердің оң қалыптасуына тұрақты үлес қосып келеді.
Төтенше жағдайлар саласындағы құқықтық тетіктерді жетілдіруге және құқық қолдану тәжірибесін дамытуға белсенді атсалысып келеді.
Қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң басшылыққа алып, жеке құрам арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізеді. Жоғары жауапкершілік пен кәсібилікке ие.