
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жанар-жағармай құю бекеттерінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша жүйелі түрде профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Аталған іс-шаралардың басты мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру және адам өмірі мен мүлкін қорғау.
Қала аумағында бүгінгі таңда 314 автожанармай құю және автогаз құю бекеттері бар. Осы нысандарда ТЖД қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырып, арнайы жаднамалар мен ақпараттық материалдар таратты. Сонымен қатар, оқу-жаттығулар өткізіліп, өрт шыққан жағдайда әрекет ету алгоритмдері тұрақты түрде пысықталуда.
Жанар-жағармай бекеттері – өрт және жарылыс қаупі жоғары объектілердің қатарына жатады. Себебі мұнда жанғыш сұйықтықтардың үлкен көлемі сақталып, булардың концентрациясы жоғары болады. Сондықтан қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау – апаттың алдын алудың негізгі кепілі.
ТЖД мамандары жүргізген түсіндіру барысында келесі негізгі талаптарға ерекше назар аударылуда:
қозғалтқышы қосулы автокөлікке жанармай құюға тыйым салу;
ашық отты, темекі шегуді және ұшқын тудыратын әрекеттерді болдырмау;
найзағай кезінде жанармай құю жұмыстарын тоқтату;
қауіпті жүктері бар көліктерге қызмет көрсетпеу;
жанармай құю аумағында бөгде жөндеу жұмыстарын жүргізбеу