Іс-қимылдағы үйлесімділік: «Барыс» базарында ауқымды оқу-жаттығу өтті

Іс-қимылдағы үйлесімділік: «Барыс» базарында ауқымды оқу-жаттығу өтті

Ірі сауда нысандары — жоғары жауапкершілік аймағы: келушілердің көптігі, тығыз орналасқан құрылыс және өрт жүктемесінің жоғары болуы барлық қызметтердің нақты әрі үйлесімді әрекетін талап етеді.

Шымкент қаласындағы «Барыс» көтерме-бөлшек сауда базарында жаппай адамдар шоғырланатын нысандарда өрт туындаған жағдайдағы іс-қимылды пысықтауға бағытталған өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығудың  сәйкес, бутиктердің бірінде болған қысқа тұйықталу салдарынан шартты өрт орын алып, көрші сауда орындарына тез таралу қаупі туындады.  Төтенше жағдай туралы хабарлама «101» пультіне келіп түсті, содан кейін оқиға орнына шұғыл түрде жедел қызметтер жетті.

Оқу-жаттығу барысында өрт сөндіру штабы құрылып, электр қуаты ажыратылды, келушілер мен қызметкерлерді эвакуациялау ұйымдастырылды. Бөлімшелер өрт ошағын оқшаулау және оттың таралуына жол бермеу бойынша іс-қимылдарды пысықтады.

Оқу-жаттығуға Шымкент қалалық ТЖД-ның 14 бірлік техникасы мен 97 жеке құрамы, сондай-ақ медицина, полиция және тіршілікті қамтамасыз ету қызметтері жұмылдырылды.

Жаттығу барысында нысанның ерекшелігіне жете  назар аударылды. «Барыс» көтерме-бөлшек сауда базары 2020 жылдан бері жұмыс істейді. Жалпы аумағы 5,6 гектарды құрайды. Жұмыс режимі — тәулік бойы, бұл ықтимал жүктеме деңгейін айтарлықтай арттырып, жедел қызметтердің тұрақты дайын болуын талап етеді.

Базар аумағында сауда павильондары, қойма үй-жайлары және әкімшілік ғимарат орналасқан, бұл өртті сөндіру жағдайын күрделендіріп, жұмылдырылған барлық қызметтердің  нақты үйлесімін қажет етеді.

Оқу-жаттығудың басты мақсаты — әр секунд шешуші мәнге ие болатын жағдайда барлық қызметтердің өзара іс-қимылын автоматизм деңгейіне жеткізу.