Болашақ құтқарушылар: оқуға түсер алдындағы маңызды кезең

Болашақ құтқарушылар: оқуға түсер алдындағы маңызды кезең

Шымкентте М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсуші үміткерлермен кездесу өтті.

Іс-шараға 37 үміткер, олардың ата-аналары, сондай-ақ Шымкент қаласы Полиция департаментінің әскери-дәрігерлік комиссиясының сарапшы дәрігер-терапевті Жәмиля Жүсіп қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты — әскери-дәрігерлік комиссиядан өту барысында кандидаттарды медициналық куәландырудың барлық кезеңдері бойынша толық ақпарат беру, сондай-ақ үміткерлер мен олардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.

Жиын барысында медициналық тексеруден өту тәртібі, қойылатын талаптар, құжаттарды рәсімдеу және денсаулық жағдайына байланысты негізгі аспектілер кеңінен түсіндірілді. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, қажетті кеңестермен қамтамасыз етілді.

Осындай кездесулер үміткерлердің дайындық деңгейін арттыруға, сондай-ақ қабылдау үдерісінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.