Отырар шағын ауданында өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді

Отырар шағын ауданында өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді

№5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Отырар шағын ауданында орналасқан №51, 53, 54 және 55 үйлердің тұрғындарына өрт қауіпсіздігі және улы газдан уланудың алдын алу бағытында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында 4 тұрғын үйдің тұрғындары қамтылып, мамандар әр пәтерді аралап, қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, тұрғындарға келесі өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді:
– тұрмыстық газ құралдарын қараусыз қалдырмау;
– электр желілерін шамадан тыс жүктемеу;
– ақаулы электр құралдарын пайдаланбау;
– пеш пен жылыту жүйелерін уақытылы тексеріп, тазалау;
– балаларды отпен ойнаудан сақтау;
– өрт шыққан жағдайда бірден 101 немесе 112 нөміріне хабарласу.

Улы газдың адам өміріне аса қауіпті екендігі атап өтіліп, оның алдын алу жолдары да кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, үй-жайларды жиі желдету, мұржаларды уақытылы тазалау және газ жабдықтарын мамандарға тексерту қажеттігі ескертілді.

Шара барысында тұрғындарға арнайы жадынамалар таратылып, төтенше жағдайлардың алдын алу әрбір азаматтың жауапкершілігі екені жеткізілді.