
2026 жылғы 29 наурыз күні Құрсай елді мекенінде мамандандырылған жасақ қызметкерлері өрт қауіпсіздігі және улы газдан уланудың алдын алу бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында Қамытбек, Айшықты және Бұхар көшелерінде орналасқан 45 тұрғын үй қамтылды.
Мамандар әрбір үйді аралап, тұрғындарға өрттің алдын алу шараларын, тұрмыстық газ құралдарын дұрыс пайдалану жолдарын және пеш жүйелерінің қауіпсіздігін сақтау жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, улы газдың адам өміріне қауіптілігі атап өтіліп, оның алдын алу үшін үйді жиі желдету, мұржаларды уақытылы тазалау және газ жабдықтарын тұрақты тексеруден өткізу қажеттігі айтылды.
Шара барысында тұрғындарға арнайы жадынамалар таратылып, қауіпсіздік ережелерін сақтау әрбір азаматтың басты міндеті екені ескертілді. Жалпы алғанда, мұндай профилактикалық жұмыстар төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.