Шымкентте өрт қауіпсіздігі және улы газдан уланудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Шымкентте өрт қауіпсіздігі және улы газдан уланудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты Мамандандырылған жасақ қызметкерлері шығу ауданында орналасқан Республика даңғылы мен 1 Мамыр көшесіндегі тұрғын үйлерде профилактикалық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру және улы газдан улану жағдайларының алдын алу. Рейд барысында қызметкерлер тұрғын үйлерді аралап, азаматтарға тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін түсіндірді.

Профилактикалық іс-шара аясында 60-тан астам тұрғын үй қамтылып, 90-ға жуық тұрғынмен түсіндіру әңгімелері жүргізілді. Сонымен қатар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі және улы газдан уланудың алдын алу бойынша 100-ден астам ақпараттық жадынама таратылды.

Мамандар тұрғындарға электр желілерін шамадан тыс жүктемеу, газ және жылыту құралдарын қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ пеш пен мұржалардың техникалық жағдайын тұрақты түрде тексеріп отырудың маңыздылығын еске салды. Сонымен қатар жылыту құрылғыларын қараусыз қалдырмау және ақаулы құралдарды пайдаланбау қажеттігі түсіндірілді.

Улы газдан уланудың алдын алу мақсатында тұрғындарға көмірқышқыл газының адам өміріне қауіпті екені айтылып, үйлерді тұрақты түрде желдетіп тұру және жылыту жүйелерін уақтылы тексеріп отыру керектігі ескертілді.

Мұндай іс-шаралар тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.