
Жаңбырдан кейін жауған қар салдарынан ағаштардың бұтақтарына ауыр салмақ түсіп, олардың сыну немесе құлау қаупі артуда.
Осыған байланысты қала тұрғындарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз:
Көліктеріңізді ағаштардың астына қоймаңыз;
Үлкен әрі ескі ағаштардың жанында ұзақ тұрмауға тырысыңыз;
Балалардың ағаштардың маңында ойнауына жол бермеңіз;
Қатты жел кезінде ағаштардың астымен жүрмеуге кеңес береміз;
Құлау қаупі бар ағаштарды байқасаңыз, тиісті қызметтерге хабарлаңыз.
Өз қауіпсіздігіңізге бейжай қарамаңыз. Төтенше жағдай туындаса 112 нөміріне хабарласыңыз.
Фото:ЖИ