Жоғарғы Отырар шағын ауданында қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жоғарғы Отырар шағын ауданында қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

5-ӨСБ шығу ауданында орналасқан Жоғарғы Отырар шағын ауданы 58/1 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйде профилактикалық іс-шара өтті. Түсіндіру жұмыстары 20 отбасыны қамтыды.

Мамандар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, улы газдан уланудың алдын алу және балалардың терезеден құлау фактілерін болдырмау бойынша кеңінен ақпарат берді. Әсіресе жылыту маусымында пеш пен газ құрылғыларын дұрыс пайдалану, олардың техникалық жағдайын үнемі тексеру және мұржаларды уақытылы тазалау қажеттігі ескертілді.

Балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Тұрғындарға терезелерге арнайы қорғаныс құралдарын орнату, жиһазды терезе маңына жақын қоймау және кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау жөнінде ұсыныстар берілді.

Кездесу барысында тұрғындарға жадынамалар таратылып, олардың сұрақтарына жауап берілді. Мұндай үгіт-насихат жұмыстары төтенше жағдайлардың алдын алуға және қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған.