Шымкент қаласында «Көктем–2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында су тасқыны кезеңіне дайындықты пысықтауға бағытталған кешенді практикалық іс-шаралар өткізілді.
Су тасқыны салдарын жоюға қалалық азаматтық қорғау қызметтерінің 2448 қызметкері, түрлі мақсаттағы 442 бірлік техника, 94 мотопомпа және 6 жүзу құралы дайындыққа келтірілді.
Жаттығу сценарийіне сәйкес, шартты түрде мол жауын-шашын мен қардың еруі салдарынан өзен арналарының бітелуі, су деңгейінің көтерілуі, жасанды арықтардың толуы және автокөлік жолдарын су басу жағдайлары орын алып, тұрғын үйлерге қауіп төнді.
Практикалық кезең барысында:
Сонымен қатар су тасқыны салдарын жою мақсатында басқа өңірлерге инженерлік техникаларды теміржол платформалары арқылы жөнелту алгоритмі іс жүзінде тексерілді.
Практикалық іс-шараларға қаланың азаматтық қорғау қызметтерімен қатар Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның әскери бөлімдері жұмылдырылып, ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктері нақты жағдайға барынша жақындатылған форматта үйлестірілді.
Оқу-жаттығу көктемгі кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға бағытталған күштер мен құралдардың дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.