«Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы бастау алды

«Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы бастау алды

2026 жылғы 25 ақпанда «2026 жылғы көктемгі кезеңдегі су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуында төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргізу» тақырыбында «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы бастау алды.
Оқу-жаттығу азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың көктем мезгілі жағдайында төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілеттілігін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының көктем кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында өткізіледі.
Жаттығу үш күнге жоспарланған. Оқу-жаттығуды үйлестіру және басшылық ету республикалық штабы Астана қаласындағы ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығының базасында орналасты.
Оқу-жаттығудың бірінші күнінде Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің дағдарыс орталығы базасында өңірдің азаматтық қорғау қызметтерінен тұратын жедел штаб құрылып, ұйымдастырылды. Әр қызметтің көктемгі су тасқыны және олармен байланысты төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдары пысықталды.