
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Ағымдағы жылдың 25-27 ақпан аралығында “Көктем-2026” Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.
Оқу-жаттығу аясында 25 ақпанда сағат 11:00-де электр сиреналары, сиреналық-сөйлеу құрылғылары іске қосылып, теле-радио хабарларын таратуды тоқтата отырып,Шымкент қаласында құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізіледі.
Естеріңізге сала кетсек, төтенше жағдай орын алған кезде халықтың назарын аудару үшін электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылып, «Баршаңыздың назарына!» біріңғай құлақтандыру дабылы беріледі. Дабылды естіген кезде тұрғындар орын алған жағдайда әрекет ету туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін міндетті түрде қолжетімді ақпарат қабылдау құралдарын (теледидарлар,радиолар және т.б.) қосулары керек.
Шымкент қаласының ТЖ департаменті қала тұрғындарынан үрейге бой алдырмай, сабырлық сақтауды сұрайды.