
Ағымдағы жылдың 25–27 ақпан аралығында өтетін «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы бойынша Департамент базасында Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Отырыста көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері, басқару органдарының міндеттері және азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарының үйлесімді іс-қимылын қамтамасыз ету сұрақтары қаралды.
Сондай-ақ оқу-жаттығуды ұйымдастыру және өткізу тәртібі, ықтимал төтенше жағдайларға ден қою алгоритмдері, авариялық-құтқару мен тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерінің әзірлігі талқыланды. Одан бөлек, ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіру және ахуал күрделенген жағдайда әрекет ету тетіктеріне ерекше назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша жауапты құрылымдарға оқу-жаттығуды сапалы әрі уақтылы өткізу бойынша нақты тапсырмалар берілді.