Департаменттің жеке құрамы Конституцияның жаңа редакция жобасымен танысты

Департаменттің жеке құрамы Конституцияның жаңа редакция жобасымен танысты

Шымкентте конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары түсіндірілген кездесу өтті.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде өткен кездесуге Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Бахадыр Нарымбетов қатысты. Жиында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілуі ұсынылып отырған негізгі өзгерістер таныстырылды.

Арнайы назар жаңа редакция жобасының негізгі ережелеріне аударылды.

Кездесу ашық диалог форматында өтті: Департамент қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.