Спортивный шағын ауданында өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары өтті

Спортивный шағын ауданында өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары өтті

Спортивный шағын ауданындағы №16 тұрғын үйде 23 отбасыға өрт қауіпсіздігі бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру, тұрмыстық өрттің алдын алу және жазатайым оқиғалардың болдырмау.

Кездесу барысында мамандар өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, электр желілерін дұрыс пайдалану, газ құрылғыларын қараусыз қалдырмау қажеттігін түсіндірді. Сонымен қатар, улы газдан уланудың алдын алу жолдары кеңінен айтылып, түтін мен иіс газының (көміртек тотығы) адам өміріне аса қауіпті екені ескертілді. Тұрғындарға үй-жайларды дер кезінде желдету, мұржалар мен жылыту пештерін уақытылы тексеру жөнінде нақты ұсыныстар берілді.

Балалардың қауіпсіздігі де назардан тыс қалмады. Мамандар ата-аналарға кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау, терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнату, жиһазды терезе алдына қоймау қажеттігін түсіндірді. Себебі жаз мезгілінде балалардың терезеден құлау деректері жиілейтінін атап өтті.

Үгіт-насихат шарасы барысында тұрғындарға ақпараттық жадынамалар таратылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді. Мамандар мұндай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.