Құтқарушы болғың келеме? – Азаматтық қорғау академиясы сенімді қадам

Құтқарушы болғың келеме? – Азаматтық қорғау академиясы сенімді қадам

Бүгінгі таңда жас ұрпақтың саналы таңдауы – ел қауіпсіздігіне қызмет ету. Осы бағытта Шымкент қаласының білім беру ұйымдарында М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы оқу орнына түсу шарттары мен мүмкіндіктерін түсіндіру мақсатында кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Кездесулер барысында болашақ талапкерлерге академияның ерекшеліктері мен артықшылықтары жан-жақты таныстырылды.

Іс-шара барысында бітіруші сынып оқушыларына академияға қабылдау талаптары, іріктеу кезеңдерінің ерекшеліктері, дене даярлығы нормативтері, кәсіби-психологиялық іріктеу талаптары және үміткерлерге қойылатын негізгі шарттар толық түсіндірілді.

Сонымен қатар, оқу орнының басты артықшылықтары – тегін білім алу мүмкіндігі, курсанттардың толық мемлекеттік қамтамасыз етілуі, тұрақты шәкіртақы төленуі және оқу аяқталғаннан кейін қызметке орналасу кепілдігі туралы ақпарат берілді.

Түсіндіру жұмыстары Тұран аудандық төтенше жағдайлар басқармасы және Қаратау аудандық төтенше жағдайлар басқармасы тарапынан ұйымдастырылды. Кездесулерде жастардың сұрақтарына нақты жауап беріліп, азаматтық қорғау саласының маңыздылығы мен жауапкершілігі ерекше атап өтілді.

Аталған шаралардың мақсаты – жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, кәсіби бағдар беру және төтенше жағдайлар саласына білікті мамандар даярлауға үлес қосу.