Шымкент қаласында мешіттерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласында мешіттерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Шымкент қаласы мешіттерінің имамдарымен кездесу өткізіп, қасиетті «Рамазан» айы кезінде мешіттерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында жамағат көп жиналатын уақыттарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, эвакуациялау жолдарын ашық ұстау, электр және жылыту құралдарын қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ төтенше жағдай туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету тәртібі жан-жақты түсіндірілді.

Кездесу соңында қатысушыларға жадынамалар таратылып, өрттің алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығы тағы бір мәрте ескертілді.