Өрт пен улы газдың алдын алу: құтқарушылар Сайрамда түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Өрт пен улы газдың алдын алу: құтқарушылар Сайрамда түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Қауіп көбіне көзге көрінбейді. Әсіресе тұрмыста қолданылатын пеш, мұржа, газ жабдықтары дер кезінде тексерілмесе, оның салдары ауыр болуы мүмкін. Осыған байланысты Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасына қарасты №6 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Сайрам тұрғын алабындағы тұрғын үйлерді аралап, өрттің және көміртек газымен уланудың алдын алуға бағытталған үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында мамандар тұрғындарға жылыту маусымында пеш пен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелерін түсіндіріп, мұржаларды уақытылы тазалау, желдету арналарының бітеліп қалмауын бақылау, ақаулы құрылғыларды қолданбау қажеттігін еске салды.

Сонымен қатар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптары жазылған жадынамалар таратылып, төтенше жағдай орын алған кезде қандай әрекет жасау керектігі түсіндірілді.

Мұндай алдын алу шараларының басты мақсаты — қайғылы жағдайдың алдын алу. Себебі өрт пен улы газ адам өміріне тікелей қауіп төндіреді, ал қауіпсіздік қарапайым ережелерді сақтаудан басталады.