Шымкент қаласында қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша сабақ өтті

Шымкент қаласында қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша сабақ өтті

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының қызметкерлері еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша құжаттаманы дұрыс жүргізу мәселелері бойынша сабақтар өткізді.

Өрт сөндіруді басқару жетекшілері мен өрт сөндіру бөлімдерінің бастықтарының қатысуымен еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өз денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, қауіпсіздік шараларын сақтау жөніндегі қызметтік құжаттаманы дұрыс жүргізу (еңбекті қорғауға жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтар, нұсқаулықтар, нұсқамаларды есепке алу журналдары және т. б.), сондай-ақ қызмет өткеру, оқу-жаттығу сабақтарын өткізу, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары барысында өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамының еңбекті қорғау талаптарын қатаң сақтауы бойынша сабақ өткізілді. Сонымен қатар өрт кезінде жеке құрамның жарақаттануы, сондай-ақ өрт сөндіру көліктерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары бойынша нұсқамалар жүргізілді.