Қайнарбұлақ тұрғындарына улы газдың қауіптілігі туралы ескертілді

Қайнарбұлақ тұрғындарына улы газдың қауіптілігі туралы ескертілді

Шымкент қаласының Абай ауданында орналасқан «Қайнарбұлақ» саяжай алқабында улы газдан уланудың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Үгіт-насихат жұмыстары Вишневая, Виноградная және Ореховая көшелерінің тұрғындары арасында жүргізілді.

Мамандар тұрғындарға иіссіз әрі түссіз болатын улы газдың адам өмірі мен денсаулығына аса қауіпті екенін түсіндірді. Кездесу барысында уланудың негізгі себептері, пешпен жылыту мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелері, сондай-ақ желдету және түтін шығару арналарының дұрыс жұмыс істеуінің маңыздылығы айтылды.

Әсіресе жылыту маусымында қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігіне ерекше назар аударылды. Тұрғындарға жылыту құрылғыларын қараусыз қалдырмау, газ қондырғыларын уақытылы тексеру және өзін жайсыз сезінген жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну ұсынылды.

Іс-шара аясында ақпараттық жадынамалар таратылып, мұндай алдын алу жұмыстары қайғылы жағдайлардың алдын алуға септігін тигізетіні атап өтілді.