Шымкентте құтқарушылар тұрғындарға өмірді сақтайтын қарапайым ережелерді еске салды

Шымкентте құтқарушылар тұрғындарға өмірді сақтайтын қарапайым ережелерді еске салды

Шымкент қаласы Тұран ауданының №5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Байтұрсынов көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлерде алдын алу рейдін өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындарға тұрмыстық қауіпсіздік ережелерін еске салу және немқұрайлықтың салдарынан туындайтын қайғылы жағдайлардың алдын алу.

Кездесу барысында өрт сөндірушілер тұрмыстағы өрттің алдын алу жолдарын, улы газдың қауіптілігін және балалар үшін ашық терезелердің қандай қауіп төндіретінін түсіндірді. Сондай-ақ мамандар газ және электр жабдықтарының жарамдылығына назар аударып, балаларды қараусыз қалдырмау және терезелерге қорғаныш құрылғыларын орнату қажеттігін атап өтті.

Тұрғындарға ақпараттық жадынамалар таратылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді. Мамандардың айтуынша, қауіпсіздіктің қарапайым талаптарын сақтау адам өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі.

Мұндай алдын алу шаралары қалада тұрақты түрде өткізіліп, төтенше жағдайлардың санын азайтуға бағытталған.