
Ақпарат үшін:
Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «ҚАЗГИДРОМЕТ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалының 2026 жылғы 22 қаңтардағы дауылды ескерту туралы №22 ҚҚ хатына сәйкес Шымкент қ.: 23 қаңтарда қар, түнде кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Кей уақыттарда жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.