Азаматтық қорғаныс – басты назарда!

Азаматтық қорғаныс – басты назарда!

Азаматтық қорғаныс басқармасы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті прокурорларымен бірлесіп, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлермен дөңгелек үстел форматында түсіндірме кездесу өткізді.

Кездесуге әлеуметтік-экономикалық маңызы бар, қауіпті өндірістік және тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының өкілдері қатысты.

Жиын барысында азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау тәртібі, жоспарлы және жоспардан тыс тексерулердің заңдылығы, сондай-ақ кәсіпкерлердің міндеттері мен құқықтары жан-жақты түсіндірілді. ҚР Бас прокуратурасы өкілдері тексеру жүргізу кезінде заң талаптарын сақтау, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау тетіктері туралы нақты ақпарат берді.

Ашық әрі еркін форматта өткен кездесу мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы өзара сенімді нығайтып, азаматтық қорғаныс пен қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталды.