Шымкент қаласында Еңбекші ауданы әкімі аппараты, аудандық прокуратура, төтенше жағдайлар басқармасы және газ техникалық қызметі қызметкерлерінің бірлесуімен газдан уланудың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара аясында 78 тұрғын үй қамтылып, 225 адамға ақпараттық брошюра таратылды, сондай-ақ 12 қоғамдық тамақтану орнында газ-баллон жабдықтарын қауіпсіз пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстары өтті.
Тұрғындар мен нысан иелеріне газдан уланудың алдын алу үшін келесі қауіпсіздік ережелері еске салынды:
Бұл іс-шара тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.