Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына 2026–2027 оқу жылына оқуға түсу үшін кандидаттардан құжаттар қабылдайтынын хабарлайды.
Құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 15 қаңтардан басталады.
Құжаттарды қабылдау орны:
Шымкент қаласы, Нұрсәт тұрғын алабы, 4542 ғимарат
Электрондық пошта: ok_dchs_shym@emer.kz
Оқу орны:
Көкшетау қаласы, Қазақстан Республикасы.
Оқуға қабылданатын үміткерлер:
— Қазақстан Республикасының азаматтары;
— орта білімі бар тұлғалар;
— жасы 16-дан асқан;
— денсаулық жағдайы бойынша оқуға және әскери қызмет өткеруге жарамды;
— Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижелері бойынша конкурсқа қатысуға құқығы бар талапкерлер.
Оқу шарттары:
Оқу республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Курсанттарға тегін киім-кешек, тамақ және мемлекеттік шәкіртақы беріледі.
Тұру тәртібі: 1–3 курстар — казармада, 4 курс — Көкшетау қаласында.
Оқу мерзімі және артықшылықтары:
Оқу мерзімі — 4 жыл. Оқу кезеңі әскери қызмет өткеру мерзіміне теңестіріледі. Академияны бітіргеннен кейін түлектерге «лейтенант» әскери атағы беріледі.
Құжаттарды қабылдау тәртібі:
Құжаттарды тапсыру және конкурсқа қатысу үшін ҰБТ сертификаты талап етіледі.
Оқуға ер азаматтармен қатар қыз балалар да қабылданады. Түсу үшін медициналық, физикалық және психофизиологиялық іріктеуден өту қажет.
Қосымша ақпаратты жергілікті Төтенше жағдайлар департаментінен алуға болады.