
«Дрондардың Бірыңғай инфрақұрылымы» пилоттық жобасы іске қосылды, жүйе өрт қауіпті объектілерге (оның ішінде орманды дала объектілеріне), мектептер, жолдар құрылысына мониторинг жүргізуге, жылу желілерінің жай-күйін бақылауға, өртке қарсы қауіпсіздік және жер қойнауын пайдалану саласындағы бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл пилоттық жобаны ТЖ Департаменті әкімдікпен бірлесіп пысықтады және өзінің практикалық құндылығын көрсетті. Дрондар бірнеше ТЖ-ға, соның ішінде "BUY PARK" ССО-дағы резонанстық өрт кезінде қолданылды, онда олардың көмегімен ТЖД мамандары жағдайды жедел бағалап, қызметтердің әрекеттерін басқара алды.
Қалада бес автономды станция орнатылған, олардың әрқайсысы 5 километрге дейінгі қашықтықтағы ҰҰА ұшуын қамтамасыз етеді, қаланы қамту аумағы шамамен 60% құрайды.
Қазіргі заманғы технологияларды нақты уақыт режимінде пайдалану ТЖ жағдайларына ден қою тиімділігін айтарлықтай арттырады.