Дауылды ескерту

Дауылды ескерту
«Қазгидромет» дауылды ескертуіне сәйкес, Шымкент қаласында 16 қаңтар күні жауын-шашын, күндіз кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Сондай-ақ көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады.
 
Солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.
17 қаңтар күні түнде және күндіз ауа температурасы 1–3 градус аязға дейін төмендейді.
 
Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан:
•ауа райының қолайсыз кезеңінде алыс жолға шықпауға;
•көктайғақ кезінде жолда және тротуарларда сақ болуға;
•ағаштар мен электр желілерінің маңында абай болуға;
•өрт қауіпсіздігін сақтап, газ және пешпен жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалануға шақырамыз.
 
Өз қауіпсіздігіңізге жауапкершілікпен қараңыз!