Тұран ауданында автокөліктегі өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Тұран ауданында автокөліктегі өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Тұран ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері аудан аумағында орналасқан ойын-сауық орталықтарындағы ашық және жабық автотұрақтарда газ баллондары бар автокөліктерді қоюға тыйым салу және өрт қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау мәселелері бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында мамандар тұрғындарға және қызметкерлерге автокөлікте газ баллондарын дұрыс пайдаланудың қауіпсіздік талаптарын түсіндіріп, төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын түсіндірді. Сонымен қатар, қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы мен өрт қауіпсіздігі ережелерін орындаудың негізгі ережелері атап көрсетті.