Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аудан аумағында орналасқан, сұйытылған газ баллондарын пайдаланатын көпқабатты тұрғын үйлерде өрттің алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Іс-шара барысында тұрғындарға газ баллондарын қауіпсіз пайдалану, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, газ жабдықтарының жарамдылығын үнемі тексеру және тұрмыстық газ құрылғыларын өз бетінше жөндеуге жол бермеу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардың біріне улы газдың ауадағы концентрациясын анықтайтын газ анықтағыш қондырғысы орнатылды. Бұл шара тұрғындардың қауіпсіздігін арттырып, улы газбен улану оқиғаларының алдын алуға бағытталған.
Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыратын болады.