Құрметпен зейнетке

Құрметпен зейнетке

Шымкент қаласындағы №4 өрт сөндіру бөлімінің ұжымы азаматтық қорғау органдарында 25 жылдан астам уақыт қызмет атқарған бөлімше командирі, азаматтық қорғау старшинасы Нұрлан Нұрмаханбетұлы Кузжановты және аға өрт сөндіруші, азаматтық қорғау сержанты Октябрь Ерманович Ормашовты салтанатты түрде зейнеткерлікке шығарып салды.

Іс-шара барысында әріптестері мен жақындары сөз сөйлеп, аталған қызметкерлердің кәсіби жетістіктерін атап өтіп, ұзақ жылғы адал еңбегі үшін алғыс білдірді.

Қызметтік жылдары ішінде олар өз міндетін абыроймен атқарып, кәсіби білімі мен тәжірибесін жас мамандарға үйретуде үлгі бола білді. Бұл еңбектері «Өртке қарсы органдарындағы мінсіз қызметі үшін 10 жыл», «Өртке қарсы органдарындағы мінсіз қызметі үшін 15 жыл», сондай-ақ «ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» ведомстволық медальдарымен марапатталуымен расталды.

Осы үлгілі қызметтері үшін әріптестері азаматтық қорғау старшинасы Нұрлан Нұрмаханбетұлы Кузжановқа және азаматтық қорғау сержанты Октябрь Ерманович Ормашовқа ерекше құрмет көрсетті. Іс-шара соңында өрт сөндірушілер арасында дәстүрге айналған еңбек жолындағы соңғы дабыл қағылып, су шашу рәсімі өткізілді.