Халықты қорғаудың негізгі тәсілдерінің бірі – эвакуация

Халықты қорғаудың негізгі тәсілдерінің бірі – эвакуация

Шымкент қаласында азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Азаматтық қорғаныс басқармасының бастамасына сәйкес, бүгін қалалық эвакуациялық комиссия мүшелерімен бірлесіп, эвакуациялық пункттер орналасқан мектептердің дайындығы практикалық тұрғыда тексерілді.

Қала аумағында білім беру ұйымдарында орналастырылған 167 эвакуациялық пункт жұмыс істейді. Практикалық дайындық Д.А. Қонаев атындағы жалпы орта мектеп базасында өтті. Іс-шараға 150-ге жуық білім беру ұйымдарының басшылары және қалалық эвакуациялық комиссия мүшелері қатысты. Қатысушыларға эвакуациялық пункттердің жұмыс алгоритмі, халықты қабылдау және орналастыру тәртібі, сондай-ақ материалдық-техникалық қамтамасыз ету талаптары таныстырылды.

Іс-шараның кеңінен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті БАҚ өкілдерімен бірге «112-Шымкент» бағдарламасының түсірілім тобы арнайы репортаж әзірледі.

Тексеру нәтижелері бойынша эвакуациялық пункттердің материалдық-техникалық базасын дамыту жөнінде тиісті басқармаларға ұсыныстар енгізілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.