Өнеркәсіптік және газ қауіпсіздігі саласындағы ұйымдарды аттестаттау жөніндегі жұмыс отырысы

Өнеркәсіптік және газ қауіпсіздігі саласындағы ұйымдарды аттестаттау жөніндегі жұмыс отырысы

Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыс жүргізу құқығына аттестаттауға жататын заңды тұлғалармен, сондай-ақ газ және газбен жабдықтау саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерімен жұмыс отырысын өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және дамыту министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №299 бұйрығына енгізілген өзгерістерге байланысты заңнама талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар газ тарату жүйелері мен сұйылтылған мұнай газы жүйелерінің нысандарын техникалық күтіп-ұстауға арналған аттестаттың жаңа қосымша кіші түрінің енгізілгені туралы ақпарат берілді.