ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ

ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ

Демалыс күндері Шымкент қаласында бірнеше адам табиғи газбен улану оқиғасы тіркелді. Зардап шеккендер арасында төрт адамнан тұратын отбасы, оның ішінде үшеуі бала. Барлығы медициналық мекемелерге жеткізілді.

ТЖД, газ инспекциясы және әкімдік мамандары күнделікті профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді. Алайда газды қолдану ережелерінің бұзылуы және азаматтардың салғырттығы әлі де ауыр салдарға әкелуде. Негізгі себептер – газ жабдығының ақаулығы, оның дұрыс орнатылмауы, сондай-ақ газ колонкаларын жатын бөлмелерде, ванналарда, жабық және ылғалды бөлмелерде орналастыру, бұл заң бұзушылық болып табылады.

Табиғи газбен улануды қалай болдырмауға болады:

 Газ жабдықтарын тек білікті мамандар арқылы орнатыңыз және қызмет көрсетіңіз.

 Мұржаның тартылуын күнделікті тексеріңіз.

 Газ пеші мен ыстық суды бір уақытта пайдаланбаңыз.

 Бөлмені үнемі желдетіп тұрыңыз.

 Жабдықтың өздігінен сөнуі кезінде-газды дереу өшіріңіз.

 Балаларды газ құрылғыларынан аулақ ұстаңыз.

 Көміртегі тотығы (CO) анықтайтын газанықтағыш орнатыңыз.

🚫 Газ жабдықтарын орнатуға тыйым салынады:

 жуынатын бөлмелерде;

 жатын бөлмелерде;

 жабық және желдетілмеген бөлмелерде;

 ылғалды бөлмелерде;

 жертөлелерде және қоймаларда.